Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi :)
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
Телефон
+7 (707)  064-27-27
E-mail
shoqan.ulttiqmektebi@mail.ru
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 20:00
Қоңырауға тапсырыс
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
» » Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады
08 мам 2026

Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова OpenAI компаниясының делегациясымен орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Келіссөздерге Education for Countries халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке және білім беру жобалары мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуге жауапты OpenAI сарапшылары қатысты.
Тараптар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін, педагогтер мен оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында мұғалімдерді жұмысқа даярлау мәселелерін талқылады.
Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесіне, оның ішінде оқыту процесіне заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізіп отырған елдердің озық тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын арттыруға және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған озық шешімдерді зерделеуге әрі енгізуге мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу Оқу-ағарту министрлігінің заманауи білім беру технологияларын дамыту және білім беру жүйесін цифрлық дәуір сын-қатерлеріне даярлау жөніндегі жұмысы аясында өтті.

Қызықты Ұқсас жариялымдар
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді
06 мам 2026
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
04 мам 2026
Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен ұсыныс алды
08 мам 2026
Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады
08 мам 2026

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив