Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi :)
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
Телефон
+7 (707)  064-27-27
E-mail
shoqan.ulttiqmektebi@mail.ru
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 20:00
Қоңырауға тапсырыс
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
» » Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен ұсыныс алды
08 мам 2026

Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен ұсыныс алды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алып, өз білімінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Беделді халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, оқу және гранттық мүмкіндіктер ұсынған.
Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін көрсетті.
Мектеп қабырғасында ол үздік оқушылардың қатарынан көрініп, ғылыми, зияткерлік және қоғамдық жобаларға белсенді қатысты. Ағылшын тілі пәнінен «Жасанды интеллект – ғылыми зерттеудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-шығармашылық конференцияда І орын иеленіп, республикалық «Ой зерек» олимпиадасының жеңімпазы атанды.
Қазіргі таңда Нұрәлі Медина өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр. Ол сапалы халықаралық білім алып, болашақта жинаған тәжірибесі мен білімін ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді.

Қызықты Ұқсас жариялымдар
Шапиева Жазира Шакеновна
08 мам 2026
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді
06 мам 2026
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
04 мам 2026
Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады
08 мам 2026
Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады
08 мам 2026

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив