Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi :)
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
Телефон
+7 (707)  064-27-27
E-mail
shoqan.ulttiqmektebi@mail.ru
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 20:00
Қоңырауға тапсырыс
"Shoqan Ualikhanov ulttiq mektebi"
» » » Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады
08 мам 2026

Жаңа Конституция білім беру жүйесін одан әрі дамытудың негізіне айналады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министрліктің басшылық құрамымен және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары, алдағы кезеңге арналған міндеттер және ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.
1 шілдеден бастап күшіне енетін Жаңа Конституцияға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушыларға құжаттың негізгі ережелері, оның білім беру жүйесінің алдағы жұмысындағы маңызы және онда көзделген нормаларды іске асырудың практикалық тәсілдері таныстырылды.
Басшыларға Жаңа Конституция табысталды.
Жұлдыз Сүлейменова Жаңа Конституцияның күшіне енуі білім беру жүйесін дамытудағы жаңа кезеңге жол ашатынын және оның ережелерін іске асыруға жауапты көзқарас қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар министр қызметкерлерді құжатпен кеңінен таныстыруды, ұжымдарда оны жан-жақты зерделеуді және министрлік жұмысына жаңа тәсілдерді сапалы енгізу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қызықты Ұқсас жариялымдар
Шапиева Жазира Шакеновна
08 мам 2026
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді
06 мам 2026
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
04 мам 2026
Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады
08 мам 2026
Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен ұсыныс алды
08 мам 2026

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив